Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Ақпан 24, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



Дайын құжаттарды ХҚКО-дан тәулік бойы алуға болады: постаматтар қалай жұмыс істейді?

Жарияланды:

24/02/2026 16:14

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл мүмкіндікті тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейтін құжат беруге арналған автоматтандырылған постаматтар қамтамасыз етеді.

Постамат қызмет алушыға дайын құжатты жеке ұяшық арқылы өз бетінше алып кетуге мүмкіндік береді. Құжат дайын болған кезде азаматтың телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберіліп, онда ұяшықты ашуға арналған жеке код көрсетіледі. Сонымен қатар азамат биометриялық сәйкестендіруден өтеді.

Қазіргі таңда еліміздің 10 өңірінде жалпы саны 14 постамат жұмыс істейді. Олар арқылы мемлекеттік қызметтердің 19 түрі бойынша дайын құжаттарды алуға болады. Олардың қатарында туу туралы, некеге тұру, некені бұзу және қайтыс болу туралы қайталама куәліктер, архивтік анықтамалар, сондай-ақ аттестаттар мен дипломдардың телнұсқалары бар.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Семей, Тараз және Түркістан қалаларының тұрғындары постамат қызметін ең көп пайдаланған.

Айта кетейік, постамат арқылы құжат алу тәртібі қарапайым. ХҚКО-да өтініш беру кезінде азамат дайын құжатты алу тәсілін таңдап, оны автоматтандырылған пункт арқылы алуға келісім беруі қажет. Құжат дайын болғаны туралы SMS келгеннен кейін, оны үш күн ішінде алып кетуге болады. Егер осы уақыт ішінде алынбаса, құжат ХҚКО маманы арқылы әдеттегі тәртіппен беріледі.

2026 жылы постамат арқылы құжат беру қызметінің құны 518 теңгені құрайды.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, постамат қызметі азаматтарға дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта алып кетуге мүмкіндік береді және мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін кеңейтеді. Бұл қызмет әсіресе жұмыс уақытында ХҚКО-ға келе алмайтын тұрғындар үшін тиімді.

Анықтама: постамат орнатылған ХҚКО мекенжайлары

  • Астана — Керей, Жәнібек хандар көшесі, 4
    • Астана — Республика даңғылы, 43
    • Алматы (Медеу ауданы) — Марков көшесі, 44
    • Алматы (Әуезов ауданы) — Жандосов көшесі, 51
    • Алматы (Алатау ауданы) — Нұркент шағынауданы, 5/17
    • Шымкент (Әл-Фараби ауданы) — Жангелдин көшесі, 13А
    • Шымкент (Қаратау ауданы) — Төлеметов көшесі, 35
    • Тараз — Төле би даңғылы, 89Г
    • Қордай — Батыс тұрғын алабы, 25
    • Қарағанды — Шахтерлер даңғылы, 5/2
    • Қызылорда — Астана даңғылы, 46
    • Павлодар — Павлов көшесі, 48
    • Түркістан — 160-ықшамаудан, 236-құрылыс
    • Семей — Папанин көшесі, 34А
 
 

 
 
 
 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-besqaraqai-baskol/press/news/details/1168220?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Айдарлыда спортшылармен кездесу: Конституциялық өзгерістердің мәні түсіндірілді
Next: 2026 жылғы 24 ақпанда Алтай қаласы әкімдігінің “Алтай қаласының жылу-су орталығы” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында комплаенс-офицер Н.В. Қашқаровтың ұйымдастыруымен дәріс өтті.→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version