20.02.2026ж. Қызылорда облысының Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасылық тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторлары полиция майоры Искакова Гулзира Куатбековна және полиция капитаны Хожаева Гулнур Ауезхановнамен Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне «Қыздар мен әйелдерге құрметпен қарау құндылықтары, қарым-қатынасқа мәжбүрлеудің, қалыңдық ұрлаудың және ұлттық дәстүрлерге қатысы жоқ, мәдениетіміз бен заңнамамыздың негіздеріне қайшы келетін зорлық-зомбылықтың өзге де түрлерінің жол берілмейтіндігі туралы» тақырыбында құқықтық сабағы өткізілді.
Құқықтық оқыту барысында уәкілетті орган өкілі қатысушыларға некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру жөнінде жан-жақты түсіндірме жасап, тақырып бойынша туындаған сұрақтарға жауап берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1168151?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау