«Digital Earth» география пәні мұғалімдеріне арналған облыстық қашықтық олимпиаданың II кезеңінің нәтижелері
2026 жылғы 20 ақпанда география пәні мұғалімдеріне арналған «Digital Earth» облыстық қашықтық олимпиадасының II кезеңі өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты – пәндік білім деңгейін бағалау, әдістемелік дағдыларды жетілдіру және заманауи цифрлық білім беру технологияларын оқу үдерісіне белсенді енгізу арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Олимпиадаға қатысу кәсіби шеберліктің дамуына, тәжірибе алмасуға және озық педагогикалық тәжірибелердің таралуына ықпал етеді.
II кезең қорытындысы бойынша 55 қатысушының ішінде: I орын – 7 мұғалім; II орын – 9 мұғалім; III орын – 15 мұғалім иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз! II кезеңге қатысқан барлық ұстаздарға жоғары дайындық деңгейі, кәсіби өсуге деген ұмтылысы және өз ісіне адалдығы үшін алғыс білдіреміз.
Алдағы уақытта толағай табыстарға, жаңа жетістіктерге және кәсіби қызметтеріңізде шығармашылық шабыт тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1167592?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау