Екібастұз қалалық мәслихатының экология мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті, оған жұмыс тобының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Амир Такишев төрағалық етті.
Отырысқа мәслихат төрағасы Нияз Макраев, төрағаның орынбасары және жұмыс тобының мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары Арман Иманкулов, Мариям Маликова, Арман Амургалинов қатысты.
Сондай-ақ, отырыс жұмысына Павлодар облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары, Полиция басқармасының, Төтенше жағдайлар басқармасының бастықтары, Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшысының орынбасары, МАЭС-1, МАЭС-2, «Богатырь», «Восточный», « Ангренсор- Энерго», Екібастұз ЖЭО «Energy Solution Center» ЖШС, KEGOC қала құраушы кәсіпорындары басшылары мен өкілдері және экология мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Отырыс басында Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшысының орынбасары қаланы көгалдандыру жоспарлары туралы баяндама жасады.
Бұдан әрі қала құраушы кәсіпорындардың басшылары мен өкілдері сөз сөйледі.
Отырысқа қатысушылар экологиялық ахуал, шығарындылар мен үйінділерді бақылау, сондай-ақ санитарлық-қорғау аймақтарының айналасында жасыл белдеу құру бойынша сұрақтар қойды.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарға тиісті ұсыныстар берілді.
Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында жұмыс тобы жасыл белдеу құру және экологиялық талаптарды сақтау бойынша қабылданып жатқан шараларды мониторингілеу үшін қала құраушы кәсіпорындарға баруды жоспарлап отыр.
Экология мәселесі жұмыс тобының тұрақты бақылауында болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1166759?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау