Будапешт, 2025 жылғы 12 ақпан – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарларды зерттеу институтының (https://mki.gov.hu/en/) директоры Габриэлла М. Лежак ханыммен кездесті.
Сұхбат барысында, тарихи зерттеу саласында өзара тиімді ғылыми әріптестікті дамыту, ортақ ғылыми жобалар әзірлеу, бірлесе жас ғалымдар даярлау, оларды тағылымдамадан өткізу, сондай-ақ алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Сонымен қатар, тараптар екі елдің қорларындағы тарихи, құнды деректер, қолжазбалар мен құжаттарды зерттеуде, сондай-ақ археология саласындағы екі жақты әріптестікті дамыту жолдарын талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1168556?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау