Инесса Шумекова әлем кубогіның кезеңінде командалық спринтте алтын медаль жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Инесса Шумекова конькимен жүгіруден әлем кубогіның үшінші, қорытынды кезеңінде Қазақстан құрамасына алтын медаль сыйлады. Жарыс Германияның Инцель қаласында өтті.

1000 метр қашықтықта Инесса жоғары шеберлік пен тұрақты нәтиже көрсетті. Кезеңдердің бірінде ол жеңімпаз атанса, келесі жарыста екінші орынға ие болды. Бұл көрсеткіштер спортшының халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін және жоғары дайындық деңгейін айқын дәлелдеді.

Командалық спринт сайысында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен Инесса Шумекова алтын медальді жеңіп алып, ел намысын абыроймен қорғады. Команданың үйлесімді әрекеті, жоғары жылдамдық пен нақты тактика жарыстың шешуші сәтінде басымдық танытуға мүмкіндік берді.

Инесса Шумекованың бұл жетістігі — табандылықтың, жүйелі дайындықтың және кәсіби еңбектің нәтижесі. Оның жеңісі Солтүстік Қазақстан облысы үшін ғана емес, бүкіл ел үшін зор мәртебе.

Солтүстік Қазақстан облысының жұртшылығы Инесса Шумекованы кезекті жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта әлем кубогіның және басқа да халықаралық жарыстарда жаңа биіктерді бағындыруына тілектестік білдіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sport/press/news/details/1166990?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version