Келес ауданы әкімдігі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Бақтияр Абдрахмановтың төрағалығымен ауыл және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ дербес бөлім басшыларының қатысуымен әдеп нормаларын сақтау мәселесіне арналған жиын өтті.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, қызметтік әдеп қағидаларын ұстану және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар кеңінен талқыланды. Бақтияр Абдрахманов өз сөзінде мемлекеттік қызметші – халық пен билік арасындағы алтын көпір екенін атап өтіп, әрбір маманның кәсіби біліктілігімен қатар, жоғары моральдық-этикалық ұстанымдарды берік сақтауы маңызды екенін жеткізді.
Сонымен қатар, азаматтармен қарым-қатынас мәдениетін арттыру, қызмет барысында ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, әлеуметтік желідегі жеке парақшаларды жүргізу әдебі де сөз болды. Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан қызметтік тәртіпті бұзудың салдары мен жауапкершілік шаралары түсіндіріліп, нақты мысалдар келтірілді.
Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, туындаған мәселелер бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Кездесу қорытындысында мемлекеттік қызметшілерге әдеп талаптарын қатаң сақтау, халықпен жұмыс барысында сыпайылық пен жауапкершілікті басты назарда ұстау тапсырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1167961?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау