КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАНСТАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА – 37 ЖЫЛ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТ-ЖАУЫНГЕР, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ – АЙЗАҚ БИМЫРЗА САЛМЫРЗАҰЛЫ
1963 жылы 29 мамырда Қазалы ауданында дүниеге келген. 104 орта мектепті бітірісімен Отан алдындағы борышын өтеуге əскер қатарына шақырылған. 1982-1984 жылдар аралығында Ауғанстан жеріндегі әскери ұрыс-қимылдарына қатысқан.
Жат жерде намысты ту етіп, батырлық пен ерліктің ерек үлгісін көрсетіп, интернационалдық борышыңызды адал атқарған қайсар жауынгер елге аман-есен оралған соң, туған жері – Өркендеуде ауыл шаруашылығында механизатор болып 40 жылға жуық еңбек еткен. Отбасында жұбайымен бірге 4 бала тәрбиелеп-өсіріп, немерелерінің қызығына кенелуде.
Ол ауғандық ардагерлерге құрмет көрсету, есімдерін жас буынға насихаттау бағытында жыл сайын түрлі деңгейде ұйымдастырылатын мәдени-көпшілік іс-шаралардың белсенді қатысып, ұрпақ тәрбиесіне ерекше үлес қосып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-orkendeu/press/news/details/1167051?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version