Кеңес орта мектебінде маңызды кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еліміздің ертеңін айқындайтын маңызды саяси науқан қарсаңында Конституция жобасын қолдауға арналған ақпараттық сүйемелдеу штабының мүшелері Кеңес орта мектебінің ұжымымен кездесті. Басқосудың басты мақсаты – педагогтар қауымына Ата заңға енгізілетін өзгерістердің мән-жайын түсіндіру және референдумның маңыздылығын ұғындыру.
Штаб мүшелері кездесу барысында әрбір азаматтың дауысы мемлекеттің жаңа саяси бағытын айқындауда шешуші рөл атқаратынын атап өтті. «Отандастарымыз ел тағдыры шешілетін науқанға бейжай қарамауы тиіс», – деген спикерлер жаңарған Конституцияның қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне тоқталды.
Жаңа Ата заң жобасы көпұлтты Қазақстан қоғамындағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған стратегиялық қадам болып табылады.
Білім ұясының ұстаздары ұсынылып отырған реформаларға зор үмітпен қарайды. Кездесу соңында мұғалімдер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жаңа заңнамалық өзгерістердің білім саласы мен әлеуметтік жағдайға тигізер әсерін талқылады. Кеңес орта мектебінің ұжымы жаңарған Ата заң – әділетті қоғам құрудың алғышарты екенін айтып, референдумға біркісідей қатысатындарын білдірді.
Референдум – бұл жай ғана дауыс беру емес, бұл әрбір қазақстандықтың «Жаңа Қазақстанды» құруға қосқан жеке үлесі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1167432?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version