Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық: Түркістан облысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелеуге 36,8 млрд теңге қарастырылған

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркістан облысында осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 8 мың гектарға артып 919 мың гектарға орналастырылатынын, егіс құрылымына сәйкес, мақта 17 мың гектарға, жүгері 15 мың гектарға, мақсары 16 мың гектарға артатынын мәлімдеді. Су шығынын алдын алу мақсатында күріш 7 мың гектарға және бидай 25 мың гектарға қысқартылады.

Облыстың климаттық ерекшелігіне байланысты жер жырту, сор шаю жұмыстары қаңтар айынан басталып, қарқынды жүргізілуде. Ерте пісетін көкөніс дақылдар 15 мың гектарға егу жоспарланып, бүгінгі күнге, 4,5 мың гектарға егілді. Жалпы ерте мезгілдік 193 мың тонна қырыққабат, 36 мың тонна сәбіз, 35 мың тонна пияз, 153 мың тонна картоп өнімін жинау күтілуде.

Аталған көлемдер Облыстың ішкі қажеттіліктерінен 2-3 есе жоғары. Артық өнім республиканың басқа өңірлеріне сатылатын болады.

Дала жұмыстарына қажетті тұқым, минералды тыңайтқыштар, кредиттік ресурстар бөлу шаралары атқарылуда. Тауар өндірушілер жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілді.

Минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында, отандық зауыттармен облысқа қажетті тасымалдау көлемі келісілді. Жол картаға сәйкес, осы жылы егіс алқаптарына 204 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізу жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді несиелендіруге 36,8 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бүгінгі күнге 7,2 млрд теңгеге 331 жоба қаржыландырылды.

Дала жұмыстарын жүргізуге техникалар мен агрегаттар 98% дайындықпен жұмыстарды бастады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1167980?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version