Кентау қаласы әкімінің орынбасары Болысбек Шәріпбеков көпбалалы аналарды қабылдап, оларға Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградаларды табыстады.
Шараның мақсаты – өмірін бала тәрбиесіне, ұлт болашағын қалыптастыруға арнаған аналардың еңбегін бағалау және оларға құрмет көрсету.
Кездесу барысында қала әкімінің орынбасары аналардың қоғамдағы айырықша рөлін атап өтіп, олардың ел дамуына қосып отырған үлесін жоғары бағалады.
Жыл сайын Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, жеті және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған аналар «Алтын алқа», ал алты баланы өмірге әкелген аналар «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапатталады. Бұл – аналардың көпжылдық еңбегі мен отбасындағы зор жауапкершілігін бағалаудың айқын көрінісі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде Кентау қаласынан 20 ананың төртеуі «Алтын алқа», 14 көпбалалы ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1167535?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау