Конституциялық реформа – білім мен болашақ негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Берікқара орта мектебінде еліміздің басты құжатына енгізілетін өзгерістерді талқылау мақсатында коалиция мүшелері мен білім саласы қызметкерлерінің кездесуі өтті. Ел дамуының жаңа бағыттары айқындалған бұл жиында ұстаздар қауымы реформаның маңызы мен болашағына қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды.
Кездесудің басты өзегі – Ата заңдағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, сондай-ақ білім мен ғылым қағидаттарын нығайту болды. Педагогтар қауымы конституциялық реформаның тек саяси емес, сонымен қатар әлеуметтік маңызына жоғары баға берді.
Мектеп ұжымы реформа жобасына қатысты белсенділік танытып, коалиция мүшелеріне көкейкесті сауалдарын қойды. Әсіресе, мұғалімдердің құқықтық мәртебесі, білім саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары және жас ұрпақтың саяси мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен сөз болды.
«Мектеп – кез келген реформаның бастауы. Біз бүгін тек заңдағы өзгерістерді ғана емес, еліміздің ертеңін талқыладық. Ұстаздар қауымы үшін заң үстемдігі мен әлеуметтік әділеттілік – тұрақты дамудың кепілі», – деп атап өтті кездесуге қатысушылар.
Коалиция мүшелері құжаттағы әрбір баптың мән-жайын егжей-тегжейлі түсіндіріп, мемлекеттік басқаруды жетілдірудің халық тұрмысына тигізер пайдасына тоқталды. Мектеп ұжымы реформаны қолдайтындарын білдіріп, бұл қадамның ел тарихындағы маңызды белес екенін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1168369?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version