Кристина Шумекова – жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің иегері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Кристина Шумекова конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогін жеңіп алып, маусымды жарқын жетістікпен аяқтады.

Германияның Инцель қаласында өткен Әлем кубогінің үшінші, қорытынды кезеңінде Кристина 1000 метр қашықтықта сенімді өнер көрсетіп, алтын медаль иеленді. Бұл нәтиже оның жоғары дайындық деңгейі мен шеберлігін айқын дәлелдеді.

Сонымен қатар, 3000 метр қашықтықта жасөспірімдер арасында тамаша нәтиже көрсетіп, кезең жеңімпазы атанды. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша Кристина Шумекова осы қашықтықта ең көп ұпай жинап, жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің жалпы жеңімпазы болды.

Командалық спринтте Кристина Алина Шумековамен бірге күміс медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшылар жеңімпаздармен бірдей уақыт көрсетіп, жоғары командалық үйлесімділік пен шеберлік танытты.

Кристина Шумекованың жетістігі – қажырлы еңбек пен жүйелі дайындықтың нәтижесі. Оның жеңісі Солтүстік Қазақстан облысының спорт саласындағы абыройын арттырып, жас спортшыларға үлкен үлгі болары сөзсіз.

Солтүстік Қазақстан облысы Кристина Шумекованы жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы халықаралық жарыстарда жаңа табыстар тілейді.

дальнейших успехов на международной арене.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sport/press/news/details/1166998?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version