Маңғыстаулық оқушылар республикалық конкурста жеңімпаз атанды
Маңғыстаулық оқушылар республикалық ғылыми жобалар конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, білім додасы Қарағанды қаласында өтті.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағытының қорытынды кезеңіне қатысқан оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.
– Қуанышбек Жібек – Жаңаөзен қаласы, С.Бегендікұлы атындағы №4 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы, Адам және қоғам секциясы бойынша ІІ орын;
– Нақыпбек Бибінұр – Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы, «Тіл білімі» (қазақ тілі) секциясы бойынша ІІ орын;
– Мұхтар Еркебұлан – Қарақия ауданы, №8 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы, «Этномәдениеттану» секциясы бойынша ІІІ орын;
– Алмас Алина – Дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы, «Тіл білімі» (орыс тілі) секциясы бойынша ІІІ орын;
– Маратов Дастан – Дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы, «Тіл білімі» (орыс тілі) секциясы бойынша ІІІ орын;
– Төлеген Ізберген – Жаңаөзен қаласы, №15 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы, «Тіл білімі» (орыс тілі) секциясы бойынша ІІІ орын;
– Жұмабек Еркебұлан – Жаңаөзен қаласы, №15 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы, «Тіл білімі» (қазақ тілі) секциясы бойынша ІІІ орын;
– Асылхан Інжу – Ақтау қаласы, Т.Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы «Тіл білімі» (ағылшын тілі) секциясы бойынша ІІІ орын.
Ерекше жетістігі үшін Грамота иегерлері:
– Сағынбай Ақжібек – Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының 9-сынып оқушысы, «Өлкетану»секциясы;
– Аманбай Нұрбану – Жаңаөзен қаласы, №24 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы, «Тіл білімі» (ағылшын тілі) секциясы;
– Есбосын Раушан – Жаңаөзен қаласы, №24 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы, «Тіл білімі» (ағылшын тілі) секциясы.
Сондай-ақ, ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану – математикалық бағыты бойынша қорытынды кезеңі Астана қаласында 24-27 ақпан аралығында өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1166767?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау