Облыстық құлақтандыру жүйесін тексеру. Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2026 жылғы 25 ақпанда   сағат 11.00-де облыстық құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеріс жүргізу мақсатында электрдабылдар қосылатынын хабарлайды. Осыған орай, Сіздерден үрейге салынбауларыңызды және түсінушілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Сонымен қатар Жетісу облысының ТЖД Сіздерге, төтенше жағдайлар орын алған жағдайда электродабылдардың қосылу кезіндегі тәртіп ережелерін еске салады.
Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:
– радио және теледидарды қосыңыз;
– шұғыл хабарды тыңдаңыз;
– берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.
Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:
– көшедегі дауыс ұлғайтқыштармен және жылжымалы хабарлау құралдарымен берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;
– берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1167610?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version