Қайнар ауылдық округінің әкімі К.Жумашев ауыл тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар жеке мәселелерімен жүгініп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жер мәселесі, инфрақұрылым және жұмысқа орналасу бағытындағы өтініштер қаралды.
Әрбір азаматтың мәселесі мұқият тыңдалып, заң аясында түсіндірме берілді. Кейбір сұрақтар бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеліп, орындалуы бақылауға алынды.
Мұндай жеке қабылдаулар халықпен кері байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kainar/press/news/details/1168271?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау