Павлодар облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Игорь Тарасенко сотталғандардың құқықтарының сақталуын және оларды ұстау шарттарын мониторингтеу мақсатында Екібастұз қаласындағы № 47 мекемеге жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында өкіл 300-ден астам сотталғандарды тамақтандыруды, жұмысқа орналастыруды және медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырумен танысты, сондай-ақ шағым беру үшін терминалдардың жұмысына мониторинг жүргізілді.
Сапар аясында мекеме қызметкерлерімен сотталғандардың құқықтарын бұзуға, оның ішінде азаптауға және қатыгездіктің өзге де түрлеріне жол бермеу мәселелері бойынша әңгімелесу өткізілді.
Сапар қорытындысы бойынша Омбудсмен сотталғандарды ұстау шарттарын жазаны өтеудің халықаралық ережелеріне келтіруге және мекеме жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1167905?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау