Мектеп инспекторы және учаскелік полиция қызметкерінің қатысуымен оқушыларға арналған түсіндіру кездесуі өтті. Кездесу барысында мектеп инспекторы Сабина Расулқызы мен учаскелік полиция инспекторы Арнұр Менғалиұлы оқушылармен ашық форматта сұхбат жүргізіп, құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы тәртіп пен жауапкершілік, қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы кеңінен түсіндірді. Шараның басты мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды құрметтеуге тәрбиелеу және олардың қауіпсіз ортада білім алуына жағдай жасау.
Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Мұндай профилактикалық кездесулер жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және тәртіп мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1167015?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау