20-21 ақпан күндері Оралда қысқы спорт түрлерінен “Oral winter fest – 2026” фестивалі өз мәресіне жетті. Бұл шара облыс тарихындағы маңызды спорттық оқиғаға айналып, қала тұрғындары мен қонақтарына қысқы спортты және ұлттық дәстүрлерді біріктірген үлкен мереке сыйлады.
❄️Фестиваль аясында ұлттық, экстремалдық және қысқы спорт түрлері, оның ішінде тазы жарысы, жамбы ату, шаңғымен жамбы ату, автодрифт, шаңғы жарысы, балаларға арналған сырғанау, коньки тебу, керлинг және қысқы баскетбол сынды спорт түрлері көпшілікке ұсынылды.
🦅Фестиваль аясында сондай-ақ, құсбегіліктен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының XIX чемпионаты өткізілді. Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 70-ке жуық сайыпқыран қатысып, ұлттық спорттың айбынын асқақтатты.
🔹Алғашқы күні фестивальге 1000-ға жуық қатысушы тіркелсе, екінші күні бұл көрсеткіш 4000-нан асып, шараның халық арасында үлкен қызығушылық туғызғанын көрсетті.
Фестиваль аясындағы барлық спорт түрлері қала тұрғындары үшін тегін ұйымдастырылып, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Сондай-ақ, концерттік бағдарламалар мен фотосессия аймақтары да арнайы дайындалды.
Келесі “Oral winter fest – 2026” фестивалінде кездескенше!✊
——————-
#bqo_sport #OralWinterFest2026 #ҚысқыСпорт #Орал #Қазақстан
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-sport/press/news/details/1166970?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау