Іс-шараның мақсаты- биік ғимараттағы шартты өртті сөндіру кезінде жеке құрамның іс-әрекеттерін пысықтау, шұғыл қызметтердің өзара іс-қимылын тексеру, сондай-ақ адамдарды эвакуациялау және құтқару дағдыларын жетілдіру.
Оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес, өрт жоғарғы қабаттардағы пәтерлердің бірінде болған. Шартты оқиға орнына гарнизонның күштері мен құралдары жедел жіберілді. Өрт сөндіру бөлімшелері барлау жүргізді, техниканы орналастырды, тұрғындарды эвакуациялауды және шартты түрде зардап шеккендерді құтқаруды ұйымдастырды.
Жаттығу барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буындарының жұмысына, биіктікке су беруге, сондай-ақ басқа да тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Оқу-жаттығуларға барлығы 8 бірлік техника және жеке құрамның 27 адамы жұмылдырылды.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді, сондай-ақ өрт туралы 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлай отырып, лифттерді пайдаланбауды және түтін шыққан кезде үй-жайлардан дереу кетуді сұрайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1168417?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау