🗓 24.02.2026ж
Қайнар ауылдық округінің әкімі К.Жумашевтың есеп беру жиыны өтті.
Жиын барысында ауыл әкімі атқарылған жұмыстарға тоқталып, өткен жылы жүзеге асқан жобалар мен алдағы жоспарларды баяндады. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, жол жөндеу, абаттандыру, әлеуметтік қолдау шаралары және өзекті мәселелер талқыланды.
Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер назарға алынды. Есеп беру кездесуі ашық диалог форматында өтіп, халық пен жергілікті билік арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kainar/press/news/details/1168256?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау