24.02.2026 жылы Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі С. Оналбаев, Шымыр ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді. Кездесу барысында байланыс және интернет, әлеуметтік нысандар салуға қатысты маңызды тақырыптар қозғалды. Тұрғындардың барлық сұрақтарына толық жауаптар мен түсініктемелер берілді. Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша тұрғындар көтерген әрбір мәселені шешу жолдары туралы ақпарат берілді. Сондай- ақ, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-karabulak/press/news/details/1168407?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау