Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Коняшкин Ростислав Анатольевич 2026 жылғы 27 ақпан күні сағат 11:00-де Қарағанды қаласының IT-Хаб «Terricon Valley» Қарағанды облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Сағат 12:00-да Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдайды (мекенжайы: Қарағанды қаласы, Алалыкина көшесі, 12).
Жеке қабылдауға жазылу, сондай-ақ сұрақтар мен ұсыныстарды қабылдау 8 7212-25-87-80 және 8 7212-50-71-33 телефон нөмірлері арқылы жүзеге асырылады (жұмыс күні сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін).
Тұрғындармен кездесудің онлайн-трансляциясы Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ресми YouTube парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және бірінші вице-министрге сұрақ қоюға шақырамыз!
Министрліктің негізгі қызмет бағыттары: жасанды интеллект, телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-digital/press/news/details/1168530?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау