Қарағанды облысында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде «Баршаңыздың назарыңызға!» сигналы арқылы аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі.
25 ақпан күні сағат 11:00-де өңірдегі барлық қолданыстағы дыбыстық электр дабыл жүйелері іске қосылады. Бұл — жоспарлы тексеріс.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын сабыр сақтауға, дүрбелеңге берілмеуге және расталмаған ақпаратқа сенбеуге шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1168105?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау