Бүгінде оқыту бағдарламасымен 360 тыңдаушы қамтылған.
Курстарға мемлекеттік қызметшілер мен қала тұрғындары қатысып, А1, А2, В1 деңгейлері бойынша білім алуда. Бағдарлама тілдік дағдыларды жүйелі түрде дамытуға және тыңдаушылардың коммуникативтік қабілеттерін жетілдіруге бағытталған.
Сабақтар құрама топтар негізінде мына мекенжайларда өткізіледі:
– Достық үйінің қазақ тілі кабинетінде;
– «Абзал» сауда үйінің қазақ тілі кабинетінде;
– Гоголь көшесі, 34-үйдегі мультимедиа кабинетінде.
Бұдан бөлек, оқу сабақтары бірқатар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың базасында ұйымдастырылып отыр.
Оқыту «Қазтест» стандарты талаптарына сәйкес жүргізіледі. Оқу барысында «Сарыарқа-3» оқу-әдістемелік кешені қолданылады. Сонымен қатар қатысушыларға «SARYARQA» веб-сервисі арқылы білімін бекітуге және өзіндік жұмыс жүргізуге мүмкіндік берілген.
Курстардың мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдық қатынастардағы үлесін арттыру, азаматтардың тілдік даярлық деңгейін көтеру және қазақ тілінің әлеуметтік маңызын күшейту.
#қарағандытілдердідамытубасқармасы #мемлекеттік
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1166854?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау