Бүгін Қаражал қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған мазмұнды кездесу өтті. Іс-шараға ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Қаражал қалалық мәслихатының депутаты, «Қазыналы өңір» газетінің редакциясы ЖШС директоры Құрмансейітов Жалғасқан қатысып, Конституция жобасының негізгі өзгерістері мен толықтырулары бойынша жан-жақты түсіндірме жүргізді.
Кездесу барысында Конституцияның ел дамуы үшін маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін негізгі қағидалар кеңінен сөз болды. Ашық форматта өткен іс-шарада қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойып, белсенді пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.
Алдағы республикалық референдум – ел өміріндегі маңызды саяси кезең болып, әрбір азаматтың таңдауы – ел болашағына қосқан үлесі екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-karazhal/press/news/details/1168162?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау