Қазақстанда азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамыту жөніндегі Мастер-жоспарды (CAMP) әзірлеу жұмыстары басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде вице-министр Талғат Ластаев пен ИКАО сарапшылар тобының жоба үйлестірушісі, ханым Лиуза СТОЛС арасында азаматтық авиация саласын 2050 жылға дейін дамыту жөніндегі Мастер-жоспарды (CAMP) әзірлеу жұмыстарының басталуына орай кездесу өтті.

Кездесу барысында вице-министр ИКАО сарапшылары әзірлейтін CAMP Қазақстанның азаматтық авиация жүйесін сапалы әрі теңгерімді дамытуға арналған стратегиялық бағдар болатынын атап өтті. Сондай-ақ ол қазіргі уақытта азаматтық авиация саласын дамыту мемлекеттік деңгейде басты басымдықтардың бірі екенін айтты. Елде әуежай инфрақұрылымын кең көлемде жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, отандық авиакомпаниялар жыл сайын Батыста өндірілген заманауи әуе кемелерімен өз әуе паркін жаңартып және ұлғайтып келеді. Сонымен қатар, жалпы авиация, пилотсыз авиация секторы белсенді дамып жатыр және саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған тәсілдер енгізілуде.

Лиуза СТОЛС ханымның сапары аясында саланың негізгі қатысушыларымен кездесулер, қолданыстағы стратегиялық құжаттарды талдау және CAMP-тың жұмыс жоспарын әзірлеу қарастырылған.

ИКАО сарапшылары әзірлейтін CAMP жобасы — азаматтық авиация саласын дамытуға арналған ұзақ мерзімді, шынайы және бәсекеге қабілетті модельді қалыптастыруға мүмкіндік беретін тәуелсіз әрі кәсіби сараптамалық бағалау болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1168398?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version