Қазақстанда дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне дропперлік үшін жауапкершілікті қарастыратын жаңа 232-1-бабы енгізілді.

Банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу, сондай-ақ заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру, оның ішінде материалдық сыйақы үшін үшінші тұлғаларға банк картасын беру әрекеттері дропперлік болып саналады.

Бұл әрекет интернет-алаяқтықтың негізгі әдістерінің бірі және ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және шығару үшін қолданылады.

Аталған әрекет 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғуы мүмкін.

Өз кезегінде Қылмыстық кодекстің 232-1-бабының ескертпесіне сәйкес егер адам құқыққа қарсы схемаға тартылғанын түсініп, бұл туралы уәілетті органдарға өз еркімен хабарлап, қылмыстың ашылуына белсенді ықпал етсе ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Егер сіз бұған дейін өз шотыңызды үшінші тұлғаларға берген болсаңыз, ықтимал құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу үшін банк бөлімшесіне дереу жүгініңіз немесе онлайн-банкинг арқылы картаны өзіңіз бұғаттаңыз.

Азаматтарды алаяқтардың құралына айналмауға шақырамыз.

 

                                                                           Ойыл ауданының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1167775?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version