Минск, 2026 жылғы 24 ақпан – Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Жақсылықов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғылық және басқа органдары жанындағы қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің отырысында сөз сөйлеп, 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша алдағы референдум туралы хабардар етті. Сонымен бірге Елші Президент Қ.Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформаның тұжырымдамалық негіздері мен құжаттың негізгі новеллаларын ұсынды.
Конституциялық реформаның негізгі мақсаты – саяси жүйені «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сәйкес нығайту және қазіргі жағдайларға бейімдеу, заң шығару қызметінің сапасын арттыру.
ҚР Негізгі заңының тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адам орталықтылығын арттыруға, Қазақстан халқының өзекті құндылықтары мен қағидаттарын көрсетуге, сондай-ақ республиканың саяси институттары құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Бұл ретте, ҚР Президенті Қ.Тоқаев атап өткендей, жаңа Конституция жобасы мемлекеттік билік институттарын нығайтуға, басқару тиімділігін арттыруға және елді ұзақ мерзімді дамытуға бағытталған прогрессивті және жаңғырту құжаты болып табылады.
Осылайша, Т.Жақсылықовтың айтуынша, жаңа Конституцияның жобасы құқықтың үстемдігіне, қоғамдық биліктің жауапкершілігіне және адам құқықтарының басымдығына негізделген мемлекеттің заманауи, теңдестірілген және заңдық орнықты моделін қалыптастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/1168550?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау