Астанада 17 жасқа дейінгі (U17) спортшылар арасында грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.
Қостанай облысының құрамасы тамаша нәтиже көрсетіп, төрт жүлде жеңіп алды: үш алтын және бір қола медаль.
Жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілгендер:
Тимур Құсайынов (71 кг дейін), Николай Хлюпко (92 кг дейін) және
Арыстан Темірғали (110 кг дейін).
Осы 110 кг салмақ дәрежесінде Амир Мурзатаев қола жүлдегер атанды.
Балуандардың бұл жеңісі — А.Ж. Құсайынов, С.Б. Обруч және Ю.Я. Дикуха бастаған жаттықтырушылар құрамының жемісті еңбегінің нәтижесі.
Команданы лайықты жетістігімен құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/1167598?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау