2026 жылығы 19 ақпанда ҚР АҚЖУ Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов International Organization for Migration (IOM) ұйымының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстел отырысына сараптамалық кеңес мүшелерімен қатысты.
Іс-шара «Адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мониторинг және өзара әрекеттесу механизмдері» тақырыбына арналды. Кездесу барысында көші-қон саласындағы адам құқықтарын қорғаудың өзекті аспектілері, мигранттардың құқықтық қорғалу деңгейі, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл тетіктері кеңінен айтылды.
Сонымент қатар, 2026-2030 жылдардағы “Көші-қон саясатының концепциясы” мақсаттары талқыланды.
Дөңгелек үстел аясында қатысушылар көші-қон үдерістеріне байланысты тәуекелдерді анықтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, мониторинг жүйесін жетілдіру және ақпарат алмасуды жүйелеу мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, еңбек мигранттарының құқықтарын сақтау, адам саудасының алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы ұсыныстар ортаға салынды.
Н. Абдезов өз сөзінде көші-қон саласында адам құқықтарын сақтау – құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі екенін атап өтті. Тиімді мониторинг пен үйлесімді өзара әрекеттесу механизмдері ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының толыққанды қорғалуын қамтамасыз ететінін жеткізді.
Мұндай форматтағы кездесулер тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді ашық талқылауға және көші-қон саласындағы құқықтық саясатты жетілдіруге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1167759?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау