ҚР ДСМ № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Zoom-конференция форматында өңірдің медициналық ұйымдарының кадр қызметтерімен түсіндіру жұмысын өткізді. Іс-шараны медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Адай Бағланұлы Тәнірбергенов жүргізді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын беру, оның қолданылуын растау, оның ішінде шетелдік мамандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған тұлғаларды денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын алуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына енгізілген өзгерістер қарастырылды.

Атап айтқанда:

  • маман сертификатын алу тәртібі;
  • сертификаттың қолданылу мерзімін растау рәсімі;
  • шетелде медициналық білім алған тұлғаларды сертификаттауға жіберу шарттары;
  • құжаттар тізбесі және оларға қойылатын талаптар.

Кездесу барысында заңнама нормаларын қолдану бойынша жан-жақты түсіндірмелер беріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар ұсынылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1168005?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version