«QURMET – бұл өзгенің таңдауына, уақытына, жеке кеңістігі мен пікіріне құрмет»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өзара құрмет мәдениетін насихаттау, адамға, оның таңдауына және жеке шекараларына ұқыпты қарауды қалыптастыру, мәжбүрлеу мен зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын орнықтыру мақсатында Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінде Мемлекет басшысының адамгершілікке жат мінез-құлықты насихаттауға, сондай-ақ қалыңдық алып қашу фактілеріне қарсы күрес жөніндегі тапсырмасы аясындағы жұмыс жалғастырылуда. Байқоңыр ауданы полиция басқармасы Отбасың тұрмыстық зорлық –зомбылыққа қарсы күрес болімше инспекторлары Серік Ә.Б., Ислямова З.М. қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Аталған саладағы құқық бұзушылықтарды реттейтін нормативтік-құқықтық нормалар түсіндірілді.

Мемлекет басшысы 2025 жылғы 16 шілдеде қол қойған заңмен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 115-1-бап – «Сталкинг» атты жаңа бап енгізілді. Заң 2025 жылғы 16 қыркүйекте заңды күшіне енді.

Заңда сталкинг «жәбірленушінің еркіне қарсы байланыс орнатуға және (немесе) оны аңдуға бағытталған, күш қолданумен ұштаспайтын, бірақ елеулі зиян келтірген заңсыз қудалау» деп айқындалады.

Көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Департамент әйелдерге құрметпен қарау құндылықтарын, мәжбүрлі некеге тұрудың, қалыңдық алып қашудың және ұлттық дәстүрлерге жат әрі мәдениетіміз бен заңнамамыздың негіздеріне қайшы келетін өзге де зорлық-зомбылық түрлерінің жол берілмейтіндігін жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

#Qurmet

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1168307?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version