Қырағылық пен батылдық: Ерейментау ауданының полицейлері ірі өрттің алдын алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ерейментау ауданының полиция қызметкерлері аға лейтенанттар Тимур Сыздықов пен Мирас Ысқақов жеделдік пен жанқиярлықтың үлгісін көрсетті.
22 ақпанда сағат 10-да тәртіп сақшылары жоспар бойынша ауланы аралап шықты. Кәдімгі қызметтік патрульдеу күтпеген жерден отпен күреске айналды, полиция қызметкерлері жер үйден қалың түтін шығып жатқанын байқады.
Еш ойланбастан полиция қызметкерлері оқиға орнына қарай бет алды. Есігі ашық, іші түтін. Белгілі болғандай, өрт қазандық жақта болған. Бұл кезде үй иесі үйде болмаған, әйел қора жақта шаруашылық істермен айналысқан.
Полиция қызметкерлері дереу өртке қарсы қызметке хабарлап, құтқарушылардың келуін күтпестен өртті сөндіруге кірісті. Қолдарына күрек алып, өрттің таралуын болдырмау мақсатында отқа қар лақтыра бастады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің себебі пешті жағу кезінде абайсыздық болған.
Хабарлама бойынша келген өрт сөндірушілер өртті жедел ауыздықтады. Қырағылық пен батыл әрекеттің арқасында полицейлер отбасының мүлкін аман сақтап қалды.
Үй иесі қызметкерлерге аса ризашылығын білдірді.
Бұл жағдай тағы да полициядағы қызмет-бұл құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар азаматтардың қауіпсіздігі үшін өз-өзіне қауіп төндіруге күнделікті дайындықтың дәлелі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1168503?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version