Барлық сақтық шараларына қарамастан, өрт қаупін толық жоққа шығару мүмкін емес. Сондықтан төтенше жағдайда әрекет ету тәртібін білу маңызды.
Өрт анықталған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласып, нақты мекенжайды және жағдайды хабарлау қажет.
Егер өрт шағын болса және өмірге қауіп төндірмесе, оны өрт сөндіргіш немесе қолда бар құралдар арқылы сөндіруге болады. Алайда жалын күшейген жағдайда ғимараттан дереу шығу қажет.
Қатты түтін кезінде еденге еңкейіп қозғалу керек, тыныс алу мүшелерін дымқыл мата арқылы қорғау ұсынылады. Лифтті пайдалануға болмайды. Егер шығу жолдары жабық болса, балконға шығып, есікті мықтап жауып, көмек шақыру керек.
Қыс мезгілінде эвакуациялық жолдар мен кіреберістердің бос болуын қамтамасыз ету аса маңызды.
Өрт кезіндегі дұрыс әрі жылдам әрекет адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы ТЖБ бас маманы Байзулова Д.А.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-almaty/press/news/details/1168143?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау