Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша қорытынды кезеңін бастады. Шара қаңтар айының 27- сіне дейін жалғасады.

Конкурс 10 секция бойынша ұйымдастырылып, қорытынды кезеңге 463 жобамен 623 оқушы қатысады. Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, дарынды жас зерттеушілерді қолдау, сол арқылы елдің зияткерлік әлеуетін дамыту.

Конкурстың қазылар алқасы жұмысына еліміздің беделді жоғары оқу орындарының 60-қа жуық профессор ғалымдары шақырылды. Жеңімпаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдармен марапатталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1168183?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version