«САЛАУАТТЫ УНИВЕРСИТЕТТЕР» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және «Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орнының Тараз қаласындағы филиалы арасында «Салауатты университеттер» жобасын іске асыру мақсатында екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орнының Тараз қаласындағы филиалының атқарушы директоры С.Телеуова, Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы орынбасары Н.Муликова, бөлім басшысы Н.Жанабаева, және студенттер құрамының қатысуымен «Салауатты университеттер» жобасын тәжірибеге енгізу мақсатындағы кездесу өтті.

Іс-шараны аша келе, Н.Муликова жобаның мақсаты – университеттерді тек білім мен ғылым орталығы ғана емес, сонымен қатар денсаулық пен әл-ауқаттың тірегі болып табылатынын атап өтіп, Қазақстанның жоғары оқу орындары кезең-кезеңімен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бастамашы болған «Салауатты университеттер» жобасына қосылатынын жеткізді.

Жиын барысында Н.Жанабаева «Салауатты университеттер» жобасын таныстырып, оны іске асырудың маңыздылығын түсіндірді. Ол студенттер мен қызметкерлер үшін қауіпсіз, қолайлы әрі салауатты орта қалыптастыруға бағытталған жобаның негізгі бағыттарына тоқталып, бастаманың өзге де маңызды міндеттері жөнінде жан-жақты баяндап берді.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, «Салауатты университеттер» жобасын іске асыруда ортақ шешімге келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1168251?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version