Салықтық тексерулер бөлігінде шағын және шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайларды жақсарту мақсатында макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметімен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және экономикалық реформалардың теріс салдарын нивелирлеу жөнінде шешім шығарылды.

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалған салықтық тексерулерді, қарсы салықтық тексерулерді, сондай-ақ:

қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негіздері бойынша;

прокурорлық қадағалаудың, прокуратура органдарының талап етуі мен актілері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының тапсырмасы бойынша не олармен келісім бойынша;

салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау бойынша;

касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді орындау бойынша;

жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты;

салық заңнамасында көзделген, салықтық тексеру жүргізуді талап ететін өтініш және (немесе) талап берілген жағдайларда;

салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымында баяндалған мәселелер бойынша;

2025 жылғы 17 желтоқсаннан кейін 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдері үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен және салық есептілігін кері қайтарып алған жағдайларда;

камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды растау мәселелері бойынша тағайындалатын тексерулерді қоспағанда микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін салық кезеңдері үшін салық міндеттемелері бойынша салықтық тексерулер жүргізу жөніндегі іс – қимылдар тоқтатылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1167098?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version