Шаруашылықтардың материалдық-техникалық жарақтандырылуы егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізуге мүмкіндік береді – Қостанай облысының әкімдігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысы бойынша егін егу жұмыстарын 5 млн гектар алқапта жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Құмар Ақсақалов хабарлады.

Егіс алқаптарының құрылымына сәйкес Жол картасының барлық көрсеткіштерін орындау жоспарлануда. Оның ішінде негізгілері – бидай және майлы дақылдар.

Әлеуметтік маңызы бар және мал азығы дақылдарының егіс алқаптары да Жол картасының көрсеткіштеріне сәйкес келетінін айтты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынымына сәйкес жүгері алқабы 15 мың гектарға дейін немесе өткен жылдан 4,2 есе ұлғаятын болады.

Шаруашылықтар жоғары өнімді тұқымдармен қамтамасыз етілген. Облысқа дизель отыны жеткілікті көлемде бөлінді. «Жеңілдікті лизинг» бағдарламасының нәтижесінде 2025 жылы 57 млрд теңгеге 1,3 мың бірлік техника мен агрегаттар сатып алынды. Егіс науқанының басына жұмысқа толық дайындық қамтамасыз етілетін болады.

Дала жұмыстарын қаржыландыру үшін шаруашылықтар Аграрлық несие корпорациясына 34,5 млрд теңгеге өтінім берді, 15,3 млрд теңге берілді. Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру жұмыстары жалғасуда. Шаруашылықтарды материалдық-техникалық жарақтандырылуы және қаражаттың болуы егіс жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1168002?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version