ШҚО патрульдік полицейлері өртенген автокөлікті сөндіруге көмектесті
Бүгін сағат 18:00 шамасында Өскемен – Алтай тасжолының 57-шақырымында, Алтай қаласына қарай келе жатқан Audi 80 маркалы жеңіл автокөлігі өртенген.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына көлік құралындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
Оқиға орнынан қызметтік міндеттерін атқару барысында ШҚО ПД Патрульдік полиция батальонының ПА-418 экипажы — полиция аға лейтенанты Алмас Қазымбаев пен полиция лейтенанты Ермек Зарылқанов өтіп бара жатқан. Полицейлер дереу тоқтап, жедел түрде көмек көрсетіп, өртті сөндіру шараларын қабылдады.
Олардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт дер кезінде оқшауланып, жалынның әрі қарай таралуына жол бермей, ауыр салдардың алдын алу мүмкін болды.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жүргізушілерді көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі бақылап, ақауларды уақытылы жоюға және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1168181?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау