«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ДСБ» КММ «Облыстық жедел медициналық көмек орталығы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі – кәсіпорын) Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды. Кәсіпорын денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметті жүзеге асырады. Кәсіпорынның мекен-жайы: СҚО, Петропавл қаласы, Ульянов көшесі, 98, тел.: 8 (7152) 46-14-71.
Кандидаттарға қойылатын талаптар жоғары білімінің, сондай-ақ келесідей талаптардың біреуінің болуын қамтиды::
1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның қызмет профилі бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе құқық саласында) кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның қызмет профилі бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе құқық саласында) кемінде 3 жыл басшылық лауазымында жұмыс өтілінің болуы;
3) денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық бірлестіктерде немесе ұйымның және (немесе) экономиканың/қаржының және (немесе) бизнестің және (немесе) құқық бойынша.;
Кандидат осы хабарландыру жарияланған күннен бастап, 30 күннің ішінде мына мекенжай бойынша:
Петропавл қаласы, Театральная көшесі, 56А, 17 кабинетке төмендегі құжаттарды тапсыру тиіс:
– конкурсқа қатысу туралы өтінім;
– мемлекеттік тілде және орыс тілінде түйіндеме;
– ерікті түрде жазылған өмірбаяны;
– кандидаттың жек басын растайтын жеке куәлігінің көшірмесі;
– жоғары білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
– Еңбек кітапшасының (бар болған жағдайда) немесе соңғы жұмыс орнындағы еңбек келісімінің көшірмесі;
– ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы білімi, жұмыс өтілі, кәсіби деңгейі жөніндегі қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмелерін, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттарды, ғылыми жарияланымдарды, алдыңғы жұмыс орнынан берілген ұсынымдарды) ұсына алады.;
Кандидат конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгі қойып, конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Одан кейін ол конверт сыртқы конвертке салынып, мөрленеді. Ішкі және сыртқы конверттер мынадай талаптарға сай болуы тиіс:.
– тиісті саладағы тиісті органға Петропавл қ., Театральная көшесі, 56А, 17 кабинет мекенжайына жіберілуі тиіс.
«Байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесінің мүшелері» және «2026 жылы 26 наурыз сағат 17.00-ге дейін «Ашпаңыз» деген сөздерді қамтуы тиіс.
Конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілінде бір данада жіберіледі. Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс 2026 жылы 30 наурыз сағат 17.00-де төмендегі мекенжайда өткізіледі: Петропавл қ., Театральная көшесі, 56А, 17 кабинет. Анықтама телефоны: 8(7152)-46-94-91.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zdrav/press/news/details/1167928?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау