«Спорттың күші – терроризмге қарсы»: Семейдегі шаңғы жарысы 200-ден астам қатысушыны жинады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

А.ж. 31 қаңтарында Семей қаласында «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» ұранымен шаңғы жарысынан облыстық чемпионат өтті.
Жарысқа шамамен 200 спортшы қатысты. Сайысқа Семей және Курчатов қалаларынан, сондай-ақ Бородулиха ауданынан келген шаңғышылар шықты.
Чемпионаттың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортпен шұғылдануға тарту және қоғамда терроризм мен экстремизм көріністеріне қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру.
Қатысушылардың жасы 8 бен 50 жас аралығында болды, жалпы қатысушылар саны шамамен 200 адамды құрады. Әуесқойлар санатында өткен жарысқа Достық үйінің діни бірлестіктері мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері де қатысты. Бұл конфессияаралық және этносаралық бірлікті, сондай-ақ қоғамның деструктивті идеологияларға қарсы тұрудағы ынтымақтастығын айқын көрсетті.
Белгілі спортшылар да бұл шарадан шет қалмады. 18–35 жас аралығындағы әйелдер санатында бірінші орынды халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, Азия чемпионаттарының, Универсиаданың бірнеше дүркін чемпионы және 2017 жылғы Қысқы Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Галина Сергеевна Вишневская-Шепоренко иеленді.
«Жоғары деңгейдегі спортшы ретінде терроризм мен экстремизмге қарсы бағытталған бастамаларды қолдауды өз міндетім деп санаймын. Бүгінгі таңда радикалдану мәселесі, әсіресе жастар арасында, оның ішінде спорттық ортада да, барған сайын өзекті бола түсуде. Сондықтан жас спортшылардың алдында дұрыс бағдарлардың болуы аса маңызды. Біздің міндетіміз – жас ұрпаққа нағыз спортшының даму, бейбітшілік пен жасампаздық жолын таңдайтынын, ал деструктивті көзқарастардан алыс болатынын көрсету», – деп бөлісті Галина Вишневская-Шепоренко.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.
Осындай спорттық іс-шараларды өткізу жүйелі сипатқа ие. Мұндай жарыстар қоғамдық бірлікті нығайтуға, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға және жастардың терроризм мен экстремизм идеологиясына қарсы тұрақты иммунитетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-din/press/news/details/1168294?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version