Сқо бойынша МЕИКД

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2026 жылға арналған міндеттері бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

Алқа жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Маратұлы Ертаев, жекелеген облыс әкімдерінің орынбасарлары, министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының басшылары, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, әлеуметтік әріптестер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Алқа мәжілісінде министрліктің 2025 жылғы жұмыс қорытындылары, соның ішінде еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуы қорытындыланды.

Сонымен қатар, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі дамытуға, еңбек жағдайларын жақсартуға және қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған 2026 жылға арналған міндеттер талқыланды.

Дәл осы күні Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттерімен панельдік сессия өтті. Онда қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуына мемлекеттік бақылау жасау, оның ішінде еңбек дауларын шешу, жалақы бойынша берешекті және өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету мәселелері қаралды.

Алқа қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, министрліктің қызметін одан әрі жетілдіру бойынша тапсырмалар берілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualikhanov-ozsp/press/news/details/1168525?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version