«Стоп Сталкинг» акциясы аясындағы профилактикалық кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Б. Жұмалиев атындағы білім беру ұйымы КММ-де 6-сынып оқушылары арасында «Стоп Сталкинг» акциясы аясында профилактикалық сұхбат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерге сталкингтің мәнін түсіндіру, оның белгілерін анықтай білуге үйрету және өз қауіпсіздігін қорғау жолдарын көрсету.

Кездесу барысында оқушыларға сталкинг ұғымы, оның негізгі белгілері (қудалау, жиі мазалау, рұқсатсыз бақылау, әлеуметтік желілер арқылы аңду және қорқыту), сондай-ақ одан сақтану шаралары түсіндірілді. Мамандар балаларға күмәнді жағдай туындаған кезде ата-аналарға, сынып жетекшісіне немесе мектеп әкімшілігіне дереу хабарлау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шара барысында интернет-алаяқтықтың түрлері мен салдары, жеке мәліметтерді қорғау, күмәнді сілтемелерге өтпеу және бейтаныс адамдармен жеке ақпарат алмасудан сақ болу керектігі түсіндірілді.

Кездесуде нашақорлықтың адам денсаулығына тигізетін зияны, оның әлеуметтік және құқықтық салдары, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіп төнген жағдайда өзін-өзі қорғау және көмек сұрау жолдары талқыланды.

Аталған шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және зиянды әрекеттердің алдын алуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1168494?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version