ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНДА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ АБЫХАНҰЛЫ РАШИДТІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Абыханұлы Рашидтің жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті.

Дәстүрлі жарысқа еліміздің әр өңірінен 450-ге жуық спортшы қатысып, жас татами шеберлері 17 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Турнирдің басты мақсаты жас спортшылардың шеберлігін шыңдау, патриоттық тәрбиені нығайту және батыр тұлғаның ерлігін ұлықтау.

Турнирдің ашылу салтанатында ұйымдастырушылар атынан сөз сөйлеген бас хатшы Бекзат Ануарұлы:

«Бұл жарыс – тек спорттық дода емес, өскелең ұрпаққа үлгі болатын батыр есімін дәріптеу алаңы. Абыханұлы Рашидтің ерлігі бүгінгі жас спортшылар үшін табандылық пен отансүйгіштіктің жарқын үлгісі. Осындай турнирлер жас буынды жігерлендіріп, үлкен жеңістерге бастайды», – деді.

Айта кетейік, турнир жыл сайын өткізіліп, жас спортшылардың тәжірибе жинақтауына және еліміздегі спорттың дамуына өз үлесін қосып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-pcsport/press/news/details/1166835?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version