Тарихи сәт! Михаил Шайдоров Олимпиада ЧЕМПИОНЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматылық спортшы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы медальді салды!

Қысқа бағдарламада 92.94 балл жинап, 5-орыннан көрінген Михаил еркін бағдарламада нағыз шеберлік пен қайсар мінез көрсетті. Күрделі элементтерді жоғары деңгейде орындап, 198,64 ұпай еншіледі. Қорытынды есепте 291,58 ұпаймен Олимпиада тұғырына көтерілді.

Бұл – тек бір спортшының жеңісі емес. Бұл – бүкіл елдің қуанышы, мыңдаған жанкүйердің сенімі мен қолдауының нәтижесі. Алматының мұз айдынынан басталған арман Олимпиада төрінде шындыққа айналды.

Бүгін Әнұранымыз асқақтап шырқалып, көк Туымыз биікке көтерілді! 🇰🇿

Қазақ елі, құттықтаймыз!
Біз сенімен мақтанамыз, Михаил!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-sports/press/news/details/1167399?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version