21–24 ақпан аралығында Ұлытау облысының аумағында «Тасымалдаушы» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтеді.
Іс-шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолаушыларды заңсыз тасымалдау деректерін анықтау, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
ЖПІШ аясында полиция қызметкерлері:
қоғамдық көліктерді және жеке тасымалдаушыларды тексереді;
заңсыз жолаушы тасымалдау фактілерін анықтайды;
техникалық жай-күйі мен құжаттарының сәйкестігін бақылайды;
жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалайды.
Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдар тартылып, өңір аумағында рейдтік және профилактикалық жұмыстар күшейтілді.
Ұлытау облысының полициясы тұрғындарды тек заңды әрі қауіпсіз тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға шақырады.
Жолдағы қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1168479?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау