«Тауар белгілер туралы, Алаяқтықтың алдын алу және есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәріс өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 19 ақпаныныда Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтар бөлімімен «Заң және тәртіп» қағидатын ақпараттық жариялау мақсатында Өскемен қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебінің» оқушыларына «Тауар белгілер туралы, Алаяқтықтың алдын алу және есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл» тақырыбында дәріс өткізілді. 
Кездесу барысында тауар белгілері туралы айтып түсіндірілді және  ең көп таралған алаяқтық түрлері, соның ішінде өзін банк қызметкері немесе құқық қорғау органы ретінде таныстырып телефон соғу, фишингтік сілтемелер мен әлеуметтік желілердегі алдау тәсілдері талқыланды. Алаяқтық әрекеттерді қалай тану және өзіңізді әрі жақындарыңызды қалай қорғау керектігіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар есірткі заттарын қолдану мен таратудың денсаулыққа, әлеуметтік өмірге және адамның болашағына тигізетін зияны, сондай-ақ заңнамада көзделген жауапкершілік туралы айтылды.
Мұндай іс-шаралар құқықтық сауаттылықты арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыруға бағытталған.
Дәрісті өткізу барысында оқушыларға қажетті консультациялық көмегі көрсетілді, сондай-ақ қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1168238?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version