Түркістан облысында 3000 гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Түркістан облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті Түркістан облысы Отырар ауданы әкімдігінде жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша жалпы көлемі 1983,2 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері ауданның әкімшілік шекарасынан тыс жерде беріліп, жер заңнамасының талаптары бұзылғаны анықталды.

Заңбұзушылықтарды жою мақсатында Департамент тарапынан тиісті нұсқама берілді. Нәтижесінде әкімдік тиісті шаралар қабылдап, аталған жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сонымен қатар, басқа ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіге 1000 гектар жер телімін беру кезінде де осындай заңбұзушылық анықталды. Осы дерек бойынша Департамент Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз жолдады. Сот талапты толық көлемде қанағаттандырып, аталған жер телімі де мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қабылданған шаралар жер ресурстарын басқаруда заңдылықты қамтамасыз етуге және мемлекеттің мүддесін қорғауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1167104?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version