Түсіндіру жұмыстары: мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарды алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 29 қаңтарда Дружба ауылдық округінің әкімі А. Омаров мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына жол бермеу, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын және жұмыс уақыты режимін сақтау мәселелері бойынша ұжыммен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды. Қатысушыларға белгіленген нормалар мен заңнама талаптарын сақтамағаны үшін жеке жауапкершілік түсіндірілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қызметкерлерге күнделікті қызметінде заңдылық, қызметтік әдеп және тәртіп қағидаттарын қатаң сақтау ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-druzhba/press/news/details/1168392?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version